НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Болгария астанасы Софияда бокстан Странджа кубогының соңғы жарыс күнінде ел қоржынына тағы бір алтын түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазақстандық боксшы Валентина Хальзова 70 келі салмақта финалда ресейлік Галина Головченкомен қолғап түйістірді. Шаршы алаңда ол сенімді ойын көрсетті. Нәтижесінде төрешілер шешімімен қарсыласын 4:1 есебімен тізе бүктірді.
Айта кетсек, Валентина Хальзова ел құрамасы қоржынына үшінші алтын салды.
Еске салсақ, бұдан бұрын ел құрамасынан Назым Қызайбай (50 келі) мен Махмуд Сабырхан (54 келі) чемпион атанды.
Енді бүгін кешкі сессияда енді Сағындық Тоғамбай (86 келі) украиндық Сергей Горсковпен бәсекеге түседі.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.