1/16 финалда 57 келіге дейінгі салмақтағы О.Асылқұлов ирландиялық Джуд Галлахермен жұдырықтасып, төрешілердің әртүрлі шешімімен жеңіске жетті. Айта кетейік, бірінші раундта төрешілердің басым бөлігі жеңісті Ирландия боксшысына берді.
Осылайша, Оразбек Асылқұлов жарыстың келесі кезеңіне өтіп, онда Луис Оливейра (Бразилия) - Джамал Харви (АҚШ) жекпе-жегінің жеңімпазымен кездесетін болады.
Асылқұлов 2021 жылы Қазақстан чемпионы атанған. «Странджадағы» алғашқы қарсыласы Джуд Галлахер - Ирландия чемпионы, ол Достастық ойындарының алтын және жастар арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері.
Фото: sports.kz