Қазақстан құрамасы аталған әлем чемпионатында 1 алтын, 1 күміс, 4 қола жүлде жеңіп алған еді. Осылайша, жалпы медаль кестесінде ұлттық құрама 3-орынға жайғасты.
Әлем біріншілігінде маңғыстаулық Бекзат Нұрдәулетов (81 кг) чемпион атанса, Қамшыбек Қоңқабав (91 кг) күміс медаль иеленді. Ал Сәкен Бибосынов (52 кг), Абылайхан Жүсіпов (69 кг), Тұрсынбай Құлахмет (75 кг) және Василий Левит (91 кг) қола жүлдені қоржынға салған болатын.