12:05, 28 Қыркүйек 2013
Бокстан жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатында 4 қазақстандық алтын медальға таласуда
АЛМАТЫ. 28 қыркүйек. ҚазАқпарат - Бүгін бокстан Болгарияның Албена қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер мен жастар арасындағы Әлем чемпионатының ақтық сайыстары өтуде.
Жасөспірімдер арасында бақ сынаған Назерке Жүрғараева (46 кг) американдық Калтин Ороскомен, Асыл Асқарова (48 кг) ресейлік Екатерина Палцевамен, Балауса Муздиман (54 кг) украиналық Анхелина Бондаренкомен, Любовь Хасиева ( 66 кг) ресейлік Светлана Ходаревскаямен, Ақмарал Шамшиденова ресейлік Влада Калашевамен Әлем чемпионатының алтын медаліне таласуда. Ал кеше жартылай финалда Әйгерім Ошақбай (52 кг) франциялық Сантиана Меурантқа, Назым Ищанова (57 кг), американдық Жажайра Гонзалезға, Екатерина Анисимова (60 кг), ирландиялық Киара Гинтиге, Аиида Әбікеева (63 кг) польшалық Жустина Уаласқа, Баян Ақбаева (70 кг) франциялық Давина Мишелге, Алтын Мұкышбекова (75 кг) тайпейлік Ниен-Шин Шенге жеңіліп қола жүлдені қанағат тұтты.