Жалғыз алтынды құрамаға 69 келі салмақ дәрежесінде укариндық Павел Гуланы ұтқан Садриддин Ахмедов әперді. Ақтық кездесуде америкалық Марк Кастроға ұтылған Саматали Толтаев (56 кг) пен шотландиялық Уильям Хатчинсонға есе жіберген Бек Нұрмаганбет (75 кг) күміс жүлде иеленді.
Жартылай финалда украиндық боксшы Роман Савицкийден жеңілген Бекзада Нұрдәулетов (81 кг) қола жүлдеге қол жеткізді.