НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Польшаның Кельце қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында қазақстандықтар екі алтын, екі күміс алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Әлем чемпионатында еліміздің қоржынына тағы бір «алтын» мен бір «күміс» түсті.
Чемпион атағына 64 келіде сынға түскен Сабыржан Аққалықов ие болды. Ол финалда Бозорбоя Матякубовты тізе бүктірді.
Ал Елнұр Сүйінбай (60 келі) ақтық сында жапониялық Реито Цуцумиге есе жіберді.
Бұдан бұрын Санжар Ташкенбай (49 келі) «алтын», Ерболат Сабыр (56 келі) финалда «күміс» жүлдегер атанған болатын.
Тағы бір боксшымыз Диас Молжігітов (75 келі) қола жүлдеге қол жеткізді.
Естеріңізге сала кетелік, кеше, 23 сәуірде әлем чемпионатында қыздардан Жұлдыз Шаяхметова (60 келі) мен Дана Дидай (75 келі) «күміс» жүлдегер болды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.