Бокстан жастар арасындағы Азия чемпионаты аяқталды, Қазақстан құрамасы бірінші орында
18:31, 16 Наурыз 2013
АСТАНА. 16 наурыз. ҚазАқпарат - Бүгін, 16 наурыз күні Филиппиннің Субик-Бей қаласында аяқталған бокстан жастар арасындағы Азия чемпионатында қазақстандық спортшылар төрт алтын мен бір күміс медальдар жеңіп алды.
Бұл нәтиже отандық спортшыларды командалық есепте бірінші орынға шығарды. Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясынан хабарлады.
«Алтынды» Қанат Көптілеуов (56 келі, Ақтау қ.) Айтжан Шлеев (69 келі, Тараз қ.), Тұрсынбай Құлахмет (75 келі, Қызылорда қ.), Әділет Орынбасаров (81 келі, Астана қ.) қанжығаларына байлады. Күміс медальды Айбек Ерметов (91 келі, ОҚО) еншіледі.
Азия чемпионатына құрлықтың 24 елінен барлығы 129 спортшы қатысты.