АСТАНА. ҚазАқпарат – Таиланд астанасы Бангкок қаласында 22 жасқа дейінгілер арасында өтіп жатқан Азия чемпионатында қазақстандық Жасмин Қизатова жеңімпаз атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстандық боксшы 70 келіге дейінгі салмақта өзбекстандық Азиза Зокировамен жұдырықтасты.
Өте тартысты өткен жекпе-жекте Ж.Қизатова жеңіске жетті. Төрешілер есебі – 3:2.
Осылайша, Қазақстан қоржынына алғашқы алтын түсті.
Енді финалда рингке шығатын бір ғана боксшы қызымыз қалды. Гүлсая Ержан 81 келіге дейінгі салмақта таиландтық Порниппа Чутимен алтын жүлдені сарапқа салады.
Бұдан бұрын Мөлдір Тойкова (50 кг), Әнел Сақыш (54 кг), Виктория Графеева (57 кг), Шахназ Исаева (60 кг), Назерке Серік (63 кг), Ақнар Ищанова (66 кг) және Дана Дидай (75 кг) қола жүлдені қанағат тұтқан еді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Азия чемпионатында тағы үш боксшының финалға шыққанын жазған едік.
Сондай-ақ қазақстандық екі боксшы қыз Азия чемпионатының финалына шықты.
Фото: sports.kz
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).