52 келіде Айбек Досанов ирандық Пейман Шахпарибенешти 5:0 есебімен айқын басымдықпен жеңді. 60 келіде Саматәлі Толтаев Оңтүстік Корея боксшысы Ким Джунхионгті тізе бүктірді.
81 келіде Эльдияр Қамшыбеков қытайлық қарсыласы Майердан Маймайтиден 5:0 есебімен басым түсті.
Қазақтың салмағы атанған 69 келіде Ермахан Жақпеков жапондық былғары қолғап шеберінен жеңіліп қалды. Эссей Арамото Ермаханды 5:0 есебімен, айқын басымдылықпен ұтты, деп хабарлайды dodasport.kz .