«Болашақ» бағдарламасы әлемнің үздік стипендиялық бағдарламаларының бiрi деп танылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Майамиде (АҚШ) өткен конференцияда халықаралық сарапшылар «Болашақ» бағдарламасын үздік стипендиялық бағдарламалардың бiрi деп таныды. Осылайша "Болашақ" бағдарламасы ел тарихының «алтын парағы» және «білім беру жүйесінің қозғаушы күшi» екенін тағы да дәлелдеп отыр. Бұл туралы бүгiн Орталық коммуникациялар қызметінде «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті Ғани Нығыметов мәлiм еттi.

Оның айтуынша, әлемде тек осыған ұқсас тек 11 елде бағдарлама бар және Қазақстанның қолданып жүрген моделi ең тиiмдi әрi парасатты түрде ұйымдастырылған деп танылды. "Қазақстан бұл бағдарламадан өзге елдерге қарағанда анағұрлым нәтижелi жетiстiктерге қол жеткiзiп отыр және ол халықаралық сарапшылармен жоғары бағаланды", - дейдi ол.

Сонымен қатар, орталық басшысының сөзiне қарағанда, қазiргi таңда Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыру аясында бағдарламаның екінші бесжылдығына арнап кадрлар даярлау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

"Бейінді мемлекеттік органдардың, өндірістік кәсіпорындар мен ұйымдардың инженер-техникалық қызметкерлері шетелдік жетекші мекемелерде біліктіліктерін жетілдірудің бірегей мүмкіндігіне ие болып отыр. Бүгінгі таңда АҚШ-та, «ColoradoSchoolofMines» мекемесінде «Кен ісі» мамандығы бойынша бес адам тағылымдамадан өтіп жатыр», - деп атап көрсетті Ғ.Нығыметов өз сөзінде. - Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің өтінімі негізінде 19 адам «Машина жасау» мамандығы бойынша тағлымдамадан өтті. 10 стипендиат Германияда Берлин технологиялық университетінде «Энергетика менеджменті» мамандығы бойынша тағылымдамадан өтуде, алдағы уақытта осы оқу орнында тағы 4 стипендиат оқуға келеді» дейді Ғ.Нығыметов.

Спикердің айтуынша, бүгінде сонымен бірге Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп тағылымдамалар ұйымдастыру - Қазақстанның кәсіпкерлер қауымдастығы аккредитациялаған ұйымдар мен кәсіпорындардың қызметкерлерінің біліктіліктерін жетілдіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Атап айтқанда, HewlettPackard (НР) - «Самұрық Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының» еншілес компанияларының мамандары үшін ақпараттық технологиялар саласында, швециялық Лунд Университеті - «Құрылыс технологиялары: экологиялық құрылыс материалдары және қызметтері» бағдарламасы бойынша курстар ұйымдастырылуда.