«Министрлік әлемнің жоғары оқу орындарының тізбесін қайта қарады. Өйткені оларға талап күшейіп келеді әрі біздің тізбеде болған Ұлыбритания, Малайзия, Чехия сынды елдердің жетекші оқу орындарының бір бөлігі осы тізбеден шығып қалды», - деді ол.
Сондай-ақ М.Сарыбековтың атап өтуінше, бүгінде ҚР Білім және ғылым министрлігі «Болашақ» бағдарламасына ауылдық жерлердің таланты жастарын тартуға бағытталған жұмыстарды атқаруда. Ағымдағы жылы кепілге қоятын мүлікті рәсімдеу барысында оның көлемі мен құнына назар аударылмайтын болады.
Сонымен бірге өңірлерде брифингтер мен кездесулер ұйымдастырылып, студенттерді іріктеу жүргізілуде, құжаттар қабылдау шаралары жеңілдетілуде. Айта кетерлігі, қазіргі уақытта конкурсқа арналған құжаттарды Интернет арқылы да тапсыруға болады.