«Болашақ» бағдарламасы бойынша білім алуға жіберілетін оқу орындарының саны 485-тен 200-ге дейін қысқартылды - БҒМ

АСТАНА. Тамыздың 14-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - «Болашақ» бағдарламасы бойынша білім алып жатқан жастардың білім сапасын арттырып, олардың бәсекеге қабілеттілігін күшейту үшін олар білім алатын жоғары оқу орындарының саны айтарлықтай қысқартылды.

Егер болашақтықтар білім алып келген оқу орындары өткен жылы 485 болса, биыл олардың саны 200-ге дейін қысқартылды. Бұл туралы бүгін журналистермен болған баспасөз мәслихатында ҚР Білім және ғылым министрлігінің ресми өкілі Серік Ырсалиев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, еліміздің жастары білім алатын 200 оқу орны «Тайм» және «Шанхай» рейтингілері бойынша алдыңғы қатарда тұрған әлемдегі ең үздік, ең танымал, ең сапалы білім береді деген оқу орындары.