Аталған жиын барысында «Болашақ» бағдарламасы жүйесіне енгізілетін түзетулер мәселесі қаралып жатыр.
«Елбасы жақында өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында тиісті тапсырма жүктеген болатын. Отандық білім сапасының артуына байланысты және Назарбаев Университетінің ашылуына орай, «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелде бакалаврларды оқыту тоқтатылады. Сонымен қатар енді магистрлар мен PhD докторларын даярлау бағыттары айтарлықтай кеңейтіледі. Сондықтан бүгін біз осындай шешімдер қабылдауымыз қажет»,-деді Қ. Саудабаев комиссия мәжілісінде.
Таратылған мәліметтерге қарағанда, комиссия отырысында магистратура, PhD докторантурасы бағдарламасы тұрғысында шетелдің жетекші оқу орындарында білім алу, ғылыми тағылымдамадан өту үшін «Болашақ» президенттік степендиясын алу құқығына ие үміткерлер санаты анықталады, сондай-ақ 2011 жылға басым мамандықтар тізбесі бекітілмек.