«Бүгін әлемнің әр түкпіріндегі «болашақтықтар» ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізу туралы бастамасын қолдап, Қазақстан халқының тұрақтылығы мен жетістігі үшін бірауыздан өз ұстанымдарын жеткізді», делінген хабарламада.
«Болашақ» бағдарламасының түлегі, ҚР Президенті іс басқармасының Мединциналық орталығы профилактикалық бөлімінің хирургі Әсет Есжановтың пікірінше, сайлау өткізу «Нұрлы Жол» бағдарламасын тиімді іске асыруға, ел дамуының ұзақмерзімді, оның ішінде денсаулық сақтау саласындағы басымдықтарды іске асыруды жалғастыруға жол мүмкіндік береді.