«Келесі жылдан бастап, жоспарға сәйкес ағылшын тілін білу талабы «балл айлс" бойынша 5 балға дейін көтерілетін болады. Жыл сайын бұл балл арттырыла береді. Осылайша үздік жоғары оқу орындарына қажетті критерийге дейін біртіндеп жеткізіледі», - деді ол.
Ғ.Нығметовтің сөзіне қарағанда, «Болашақ» бағдарламасына қатысушылардың квоталық санатына ағылшын тілін үйрену мүмкіндігі ұсынылады. Яғни, олар ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап ағылшын тілін 6 ай Қазақстанда және 6 ай шет елде үйренетін болады. Ал 2020 жылға қарай аталған тілдік дайындық курстары алынып тасталады.