«Болашақ» бағдарламасы бойынша құжаттар Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы қабылданатын болады, біз әзірлеген мемлекеттік қызмет көрсетудің сәйкес регламенті Үкімет қаулысымен бекітілді және Білім және ғылым министрлігі ұсынатын мемлекеттік қызметтердің реестріне кірді», - деді С.Нұрбек.
Оған қоса, қазір электрондық үкімет порталымен ықпалдасып жұмыс істейтін «Е-Болашақ» ақпараттық жүйесі іске қосылуда. Қазақстанның әрбір азаматы Интернет желісі бар кез-келген жерден бағдарламаға қатысуға өз құжаттарын тапсыру мүмкіндігіне ие болып отыр.
«Біз мұнымен шектелмейміз және электрондық сандық қолтаңбасы бар кез-келген Қазақстан азаматы е-үкімет порталы арқылы құжаттарды тапсыра алатын болады», - деп хабарлады Халықаралық бағдарламалар орталығының президенті.
Ағымдағы жылы сондай-ақ үміткерлерді іріктеу рәсімі қайта қаралады. Биылдан бастап құжаттар республика өңірлерінде қабылданады. Орталықтың қызметкерлері 14 облыс орталығында және Алматы қаласында болып қайтты.
Тағы бір айта кететін мәселе, бағдарламаның қолжетімділігін және ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында биыл елімізде белсенді ақпараттық науқан жүргізілуде. «Ағымдағы жылы ақпараттық бағдарлама бұрынғыдан да ашық форматта өтті, электрондық бұқаралық ақпарат құралдарына үлкен басымдық берілді, танымал порталдардың, жаңалықтар порталдары мен әлеуметтік желілердің қызметтері пайдаланылды, ол желілерде консультациялық жұмыстар жүргізілді», - деп атап көрсетті Саясат Нұрбек өз сөзінде.
Іріктеу процесінің ашықтығын қамтамасыз ету үшін үміткерлермен болатын конкурстық әңгімелесуге былтырдан бері БАҚ өкілдері қатысуда. Әңгімелесуде қойылатын сауалдар, талапкерлер дайындалу мүмкіндігіне ие болулары үшін, алдымен сайтта жарияланды. Хаттамаға қол қойылғаннан кейін, әңгімелесудің нәтижелері дереу сайт бетінде жарияланады, - деп хабарлады Орталық президенті.
«Осы шаралардың арқасында бағдарламаның ашықтығы мен қолжетімділігі, ең бастысы бағдарламаға деген халықтың сенімі артады деген үміттеміз»,- дейді Саясат Нұрбек.
«Болашақ» халықаралық стипендиясы 1993 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 1993 жылғы 5 қарашадағы № 1394 Жарлығымен құрылған болатын.