«Биылғы жылы құжаттар магистратура, доктарантура бағдарламалары, ғылым, ұстаздық, медициналық және инженерлік-техникалық тағылымдамалар бойынша қабылданады. Құжаттарды қабылдау мерзімі 2012 жылдың мамыр айының 14-нен бастап қазан айының 1-не дейін, өздігінен түсушілерге 2012 жылдың 14 мамырынан 25 шілдеге дейін ұзартылды», - делінген хабарламада.
Айта кетейік, Елбасы Н.Назарбаев бірнеше жылдар бойы «Болашақ» бағдарламасына ерекше көңіл бөліп келеді. Мемлекет басшысының «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» мақаласында да білім жүйесі қызметіне қолжетімділік мәселесі көтеріліп, «Болашақ» бағдарламасына дарынды жастардың еліміздің барлық аймақтарынан, әсіресе ауылдық жерлерінен тарту жайты айтылған.