«Болашақ» бағдарламасына жыл сайын стипендиаттар саны толмай қалады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Халықаралық бағдарламалар орталығы «Болашақ» бағдарламасы бойынша стипендиаттардың жыл сайын толық жасақталмайтындығын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Болашақ» бағдарламасына құжат тапсыруға шақырамыз. Бос орындар жеткілікті. Өткен жылы 700 стипендия бөлініп, соның біз 544-ін ғана тағайындадық. Ағымдағы жылы да стипендиаттардың саны толмай қала деп қорқамыз. Сондықтан барлық ниет танытқан адамдарды конкурсқа қатысуға шақырамыз», - деді Халықаралық бағдарламалар орталығының президенті Жанболат Мелдешов бүгін Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.

Оның дерегінше ағымдағы жылы 600 стипендия бөлініп, оның 251-і берілген.

«Құжат қабылдау 15 қыркүйекке дейін жалғасады. Стипендия тағайындаудың әлі екі кезеңі бар. Шамамен бес жүз стипендия беріледі деп үміттеніп отырмыз. Бізде жыл сайын стипендиаттар саны болмай қалады», деді Мелдешов.

Орталық басшысының айтуынша, бүгінгі күні шетелде білім алғысы келетін қазақстандықтардың саны арта түсуде. Қазіргі уақытта шамамен жетпіс мың адам шет мемлекетте білім алып жатыр.