Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ басшысы Ғани Нығыметов мәлім етті.
«Түлектерді шетелде оқытуға деп бөлінген біздің бюджетіміз биыл 19 млрд. теңгені құрап отыр», - деп хабарлады Ғ.Нығыметов.
Оның айтуынша, «Болашақ» бағдарламасының нәтижелерін бағамдай отырып, биыл бағдарламаның 2016-2020 жылдарға арналған даму жоспары әзірленген.