Елбасының «Жаңа онжылдық- жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауына қатысты өз пікірін білдірген «Қазақстан Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы түлектерінің қауымдастығы»қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры Жанна Төлегенова осылай айтты.
«Мемлекет басшысы өзінің Жолдауында елдің өткен он жылдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысын шығарды. Өзінің күшіне сеніп және толығымен стратегиялық мақсаттарға сүйене отырып, Қазақстан халқының өмір сүру сапасын арттыруда негізгі мәселелерді шеше алды. Қазір - нәтижелерге баға беріп, талдау жасап, жаңа шешімдердің қабылдану кезеңі», - деп атап өтті ол.
Ж.Төлегенованың айтуынша, сыртқы экономикалық қиындықтарға қарамастан Қазақстан дамудың жаңа кезеңінде тұр. Ал алдағы онжылдықты инновациялардың, индустрияландыру мен халықтың бірігу кезеңі деп атауға болады. «Мойындалған халықаралық тәжірибелер мен Қазақстанның жинаған тәжірибесі инновацияны дамытудың негізі болып табылады. Ал қазақстандық тәжірибеге ие «Болашақ» бағдарламасының түлектері инновациялық үрдістердің қозғаушы күші ретінде шықпақ», - деді.
Ж.Төлегенованың атап көрсетуінше, Қауымдастықтың биылғы жылғы жұмысы инновациялық мәдениет пен қазақстандық жастардың жан-жақты қалыптасуына септігін тигізетін - әлеуметтік бастамаларға жаңа технологияларды ендіруге бағытталмақ.