Астанада қорғаныс және аэрокосмикалық өндіріс бойынша шетелде кадрларды даярлау мәселелері бойынша жиын өтті. Кездесуге өндіріс басшылары, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті Жанболат Мелдешов және де Қорғаныс министрлігі мен аэрокосмикалық өндіріс аэрокосмикалық өндіріс өкілдері қатысты.
«Салалық маман бойынша мамандар жетіспейді. Біздің саламыз- авиажөндеу өндірісі және бізге жан-жақты салалы маман қажет. Ол дегеніміз белгілі бір техниканың түрі бойынша қызмет көрсететін маман қажет» - деп атап өтті «Қазақстандық Авиациялық Индустрия» ЖШС-нің өндірістік мамандарды даярлау бойынша инженері Александр Самофалов.
Өз кезегінде сөз алған Жанболат Мелдешов, өндіріс өкілдерінің мамандарға тапсырыс беру барысында болашақта өндіріс салаларына аса қажетті деген мамандықтарға басымдық берілуі туралы айтты.
«Маған «Болашақ» бағдарламасының түлегі келіп: өзімен бірге оқыған қыз баланы Америкадағы қорғаныс өнеркәсібі құшағын жайып қарсы алып жұмысқа алды. Ал, негізінен ол қыз оқу үлгерімі жағынан менен әлдеқайда төмен еді. Қазіргі таңда ол қарулы су асты қайықтарының жаңа түрлерін жасайды және әрине жалақысы қомақты. Ал, мен болсам Қазақстандағы қаншама өндірістік орындарға түйіндемемді жібердім. Ешкім жұмысқа алмады. Қазірде бір компанияға 120 мың теңге айлыққа жұмысқа тұрдым. Негізінен таныстырылымдар, яғни презентациялады жасаймын. Ал, бұл дүниені кез-келген мектеп оқушысы да жасай алады. Мен ол жігіттен: Жақсы. Осыншама құнды білім алдың. Ал енді осыны басқалармен де бөлісуіңе бола ма?-деп сұрадым. Ол бала маған: кез-келген өндірістік орындарға барып, олардың компьютерлеріне арнайы бағдарлама рнатып, қалай жасауға болатындығын үйретуге дайын екендігін айтты. Ал, осы жігіт сияқты мамандар баршылық. Ал, бұлар негізінен нарықта табыла бермейтін дарындар» - деді Ж.Мелдешов.
Бүгінгі таңда шетелдік білімі бар 39 түлек жұмысқа орналаспаған. Мелдешовтің пікірінше, өндірістер жоғары білікті мамандарға қажетті деңгейде көңіл бөлмей келе жатыр.
«Кадрлардың жетіспеушілігі алдағы уақытта да жалғасын табады. Оның бір себебі, адам қартаяды, ал, біздің сала бойынша жас мамандар дефицит болып отыр. Ал, кадрларды даярлау деңгейін көтеру қажет. Ал, біз өз тарапымыздан жергілікті орындардағы жұмыстарды ретке келтіруге тырысамыз» - деді «Семей Инжиниринг» компаниясының бас директорының орынбасары Сергей Бижанов.
Кездесуге қатысушылар еңбек нарығына сараптама жасалынып және өндірістік өнеркәсіптер қызметкерлерінің шетелде тағылымдамадан өтулерін ұйымдастыру бойынша жұмыс жоспарын жасады.
Сонымен қатар, өндіріс басшылары Орталық ұсынатын нарықтағы сала мамандарын жұмыспен қамтамасыз ететіндіктері жөнінде уәде етті.