«Болашақ бүгіннен басталады» әскери-патриоттық тәрбиелеу мәселелеріне арналған үздік жарияланымдар байқауы өтеді

АСТАНА. 1 қазан. ҚазАқпарат - ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен «Жас Қыран» әскери патриоттық бірлестіктерінің республикалық дамыту орталығы Бұқаралық ақпарат құралдарында «Болашақ бүгіннен басталады» әскери-патриоттық тәрбиелеу мәселелеріне арналған ең үздік жариялымдар бойынша жалпы республикалық байқау өткізеді.

Бұқаралық ақпарат құралдарында «Болашақ бүгіннен басталады» әскери-патриоттық тәрбиелеу мәселелерін ең үздік жариялау бойынша жалпыреспубликалық байқауының

ЕРЕЖЕСІ

  1. жалпы ережелер.

  1.1. Бұқаралық ақпарат құралдарында «Болашақ бүгіннен басталады» әскери-патриоттық тәрбиелеу мәселелерін ең үздік жариялау бойынша жалпыреспубликалық байқауын (әрі қарай мәтін бойынша - Байқау) Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігінің қолдауымен, «Жас Қыран» әскери патриоттық бірлестіктерінің республикалық дамыту орталығы өткізеді.

 1.2. Байқауды ұйымдастыру Қазақстан Республикасының аумағында аталған шараны дайындау және өткізу бойынша Ұйымдастыру комитетіне жүктеледі.

  1.3. Байқау бұқаралық ақпарат құралдарында (газет-журналдар, радио, телеарналар, инетернет-баспалар) «Болашақ бүгіннен басталады» әскери-патриоттық тәрбиелеу мәселелерін жариялау, жас дарындарды анықтау, оларға әскери-патриоттық тәрбиенің негізгі міндеттері мен дәстүрлеріне байланысты әскери-патриоттық тақырыптарды толық және жан-жақты жариялауға мүмкіндік беру мақсатында өткізіледі.

  

2. Байқау бағдарламасы.

 2.1. Байқаудың міндеттері:

  • - Қазақстан Республикасында әскери-патриоттық тәрбиелеудің өзекті мәселелерін жан-жақты жариялауға журналистер мен тілшілерді және бұқаралық ақпарат құралдарын кеңінен тарту;
  • - БАҚ қызметкерлерінің әскери-патриоттық тәрбиелеу мәселелерін жариялаудағы кәсіби еңбектерін бағалау;
  • - Қазақстанда жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру туралы қоғамдық пікірді айқындау және қалыптастыру;
  • - Ел тұрғындарының белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру;
  • - Журналистік шығармашылықтың үздік үлгілерін айқындау, нақтылау және насихаттау.

3. Байқау шарттары

 3.1. Байқауға 2012 жылдың 20 қыркүйек пен 20 қазан аралығында жарияланған немесе эфирге шыққан, байқаудың шарттары,  мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес келетін материалдар қабылданады.

3.2. Материалдар мәтінінің тілі - қазақ және орыс.

3.3. Қатысушылардың тапсырған материалдары бекітілген номинациялар бойынша қаралады.

3.4.  Материалдарды тапсыру нысаны:

  - баспа БАҚ-ның тілшілеріне: номинациялары көрсетілген бестен көп емес газет нөмірлерінің және үштен көп емес журнал/әдебиет жинағы нөмірлерінің түпнұсқалары (ксерокөшірмелері, электрондық нұсқалары); бөлек авторларға - Байқауға қатысушының таңдаған номинациясының әрқайсысы бойынша, редакциялық мөрмен куәландырылған үштен кем емес материалдарының түпнұсқалары (ксерокөшірмелері, электрондық нұсқалары). 

  - интернет-баспаларының тілшілеріне: жарияланған күні, интернет БАҚ атауы, материал жарияланған интернет адрестері (сілтемелер)  көрсетілген ақпараттық материалдардың мәтіндері (doc форматында) және  Интернет баспалардың электрондық нұсқада сақталған беттері (jpg форматында).

  - радиостанция тілшілеріне: mp3 форматындағы радиобағдарламаның дыбыс жазбасы (немесе CD, DVD дисклерде), радиостанция атауы, эфирге шыққан уақыты көрсетілген радиобағдарламаның мағынасы (шифры) ашылған жазбаша мәтіні.

  - телеарна тілшілеріне: avi  форматында телебағдарламаның бейне жазбасы (немесе DVD-дискіде), телеарна атауы және эфирге шыққан уақыты көрсетілген телебағдарламаның мағынасы (шифры) ашылған жазбаша мәтіні; телебағдарлама жүргізушінің аты-жөні, телебағдарлама режиссерының аты-жөні.

 3.5. Ұсынылатын материалдарда (мақалада, бағдарламада т.б.) міндетті түрде байқауды ұйымдастырушылар туралы ақпарат болу қажет: Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, «Жас Қыран» әскери-патриоттық бірлестіктерінің республикалық дамыту орталығы.  

 

3.6.Ұсынылған әрбір материалға келесі қысқаша ақпарат тіркеледі: автордың аты-жөні, материал атауы, номинациясы, шыққан кезі мен уақыты.  

 3.7.  Байқауға ұсынылған жұмыстарды бағалау белгілері:

- Байқау тақырыбына байланысты, таңдаған тақырыптың өзектілігі мен әлеуметтік маңыздылығы;

- ұсынылған материалдың дұрыстығы;

- ақпараттық толықтығы;

- көтерілген мәселелер мен проблемалардың өңдеу жағынан тереңділігі;

- жанрлық саналуандылығы, көркемдік айқындылығы және тіл баяндауының қонымдылығы;

- материалды баяндау өзінділігі.

 3.8.  Байқауға түскен материалдар, түскен уақыты көрсетіліп, реестрге енгізіледі.

 3.9. Байқауға ұсынылған материалдар рецензияланбайды және кері қайтарылмайды.


 4. Байқауды өткізу мерзімі және ұйымдастыру мәселелері

 4.1.  Байқауға материалдар 2012 жылдың 01 қазанынан бастап қабылданады және 20 қазан күні сағат 17.00-де қабылдау аяқталады.

Қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін ұсынылған және Байқаудың шарттарына сәйкес келмейтін материалдар қабылданбайды және қаралмайды.

Байқауды қорытындылау шарасы 2012 жылдың 24 қазан күні Астана қаласында өтеді.  Байқаудың қорытындысы бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.  

 .2. Байқау келесі номинациялар бойынша өткізіледі:

 1. «Қазақстанда жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру туралы ең үздік материал»;

2. «Қазақстанның әскери тарихы және Ұлы Отан Соғысы ардагерлері туралы ең үздік материал»;

3. «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері туралы ең үздік материал»;

4. «Еліміздің әскери-патриоттық ұйымдары, әскери-спорттық, спорттық-техникалық клубтары және әскери-іздестіру топтары туралы ең үздік материал»;

5. «Әскерге шақырылушы жастардың алғашқы әскери дайындығы, жастар арасында әскери-дала оқулары туралы ең үздік материал»;

6. «Еліміздің спорт жетістіктері туралы ең үздік материал»;

7. «Қазақстанда жастарға әскери-патриоттық тәрбие беруді дамыту туралы ең үздік бейнесюжет/фотоматериал»;

8. «Қазақстанда жастарға әскери-патриоттық тәрбие беруді дамыту туралы ең үздік радиоматериал»;

9. «Қазақстанда жастарға әскери-патриоттық тәрбие беруді дамыту туралы ең үздік интернет-жарияланым»

10. «Ең үздік теле/радио сұхбат».

 4.3. Қазылар алқасы 2012 жылдың 23 қазанына дейін байқауды қорытындылайды.

 4.4. Қазылар алқасының құрамы Қазақстан Республикасының аумағында аталған шараны дайындау және өткізу бойынша Ұйымдастыру комитетімен анықталады және оның төрағасымен бекітіледі.

 4.5. Байқаудың қорытындысын қазылар алқасы төрағасының ұсынысымен «Жас Қыран» әскери-патриоттық бірлестіктерінің республикалық дамыту орталығы бекітеді.

4.6. Қазылар алқасы, ұсынылған  бірде-бір материалдарды мақұлдамауға және  тапсырыс бойынша Байқаудың екінші турын немесе жаңа Байқау өткізуге құқылы.

 4.7.  Байқау жеңімпаздары дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапатталады:

-  интернет-планшет  iPad;

-  iPhone смартфоны;

-  ноутбук;

 4.8. Байқаудың бағдарламасы мен шарттарын беруді, байқау материалдарын қабылдауды және Байқауды өткізу бойынша басқа ұйымдастыру-техникалық мәселелерді аталған шараны дайындау және өткізу бойынша Ұйымдастыру комитеті келесі мекен-жай бойынша жүзеге асырады:

 - Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Алматы ауданы, І.Жансүгіров көшесі 8/2, 602, 603 офисі;

 - «Жас Қыран» әскери-патриоттық бірлестіктерінің республикалық дамыту орталығы

- тел: 8 (7172) 57-25-25;

 - факс 8(7172) 41-78-72

 - электрондық пошта: jaskyran-center@mail.ru