Болашақ бүгіннен басталады - ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының төрағасы

trong>. Мамырдың 14-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Болашақ бүгіннен басталады. Ол Ауғанстанға да, Қырғызстанға да қатысты. Бұл бүгін Алматыда өтіп жатқан «ЕҚЫҰ-ның еуразиялық өлшемі» деген тақырыптағы Трансазиялық парламенттік форумда сөз болды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мен Парламенттік Ассамблеяның ЕҚЫҰ-мен бірге таяу арада болып өткен Қырғызстан дағдарысындағы, атап айтқанда, біздің вице-президент Қасым-Жомарт Тоқаев мырзаның және Қырғызстандағы біздің өкіліміз профессор Миттелдің рөлін айтқым келеді. Біз Қазақстан өкілдігінің рөлін жоғары бағалаймыз», дейді ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының төрағасы Жоао Соареш. Оның айтуынша, ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы ЕҚЫҰ-ға Қазақстанның төрағалығын о бастан-ақ қолдады. Қазақстан төрағалықты тамаша жүргізіп отыр. Парламентшілер Қазақстанның ЕҚЫҰ төрағалық етуін және қазіргі төрағаның жұмысына және бауырластық қарым-қатынасына қолдау көрсетеді.

«Мен оны қазіргі іс басындағы төраға Қанат Саудабаев мырзаға қарата айтқым келеді. Өйткені, ол дамылсыз және өте кәсіби тұрғыдан қарқынды жұмыс істеп отыр. Парламенттік Ассамблея сол сияқты ЕҚЫҰ-на мүше мемлекет басшыларының жоғары деңгейдегі кездесуін өткізу бастамасын ол идеяны Елбасы Н. Назарбаев жария еткен кезден бері қолдайды», дейді Жоао Соареш мырза.