«Көптеген дамушы елдер, оның ішінде Қазақстан да бүгінге дейін кедейліктің шегін еңсеру мүмкіндігін сәтті пайдаланды. Ендігі мәселе - бүкіл әлемнің алдынан кесе көлденеңдеп тұратын теңсіздіктерді жою. Ал бұл бағыттағы адами капиталды, адами ресурстарды жоғары деңгейде пайдалану арқылы біз олардың барлығын өнімді экономикаға тарта аламыз», - деді экс-канцлер.
Оның айтуынша, келешек әлемнің перспективасында маңызды мәселе - білім беру. «Біз бүгінгі күні бүкіл әлем бойынша білім беру революциясының табалдырығында тұрмыз. Білім беру революциясы - бұл сол білім пирамидасының ең ұшында ғана емес, оның табанынан бастап барлық деңгейін қаматамасыз етуі шарт. Осы бағытта жастардың әлеуетін 100 пайызға пайдалануға тиіспіз, оларды жалпы білімге тартып, кәсіби-техникалық оқытуды ең жоғары деңгейде ұйымдастыруға тиіспіз. Сосын қолданбалы біліктілікке оқытып, ондай өрендер өз кезегінде индустрия мен қызмет көрсету саласындағы өзгерістерге дер кезінде басқаруға үйренулері қажет. Білім беру жүйесінің барлық бітірушілері жоғары білікті болулары керек әрі осының бәрі бірдей уақытта жүзеге асуы шарт. Сонымен қатар, дәл осы біліммен ұштасқан мәселе Қазақстан секілді мемлекеттер үшін аса маңызды. Өйткені, Қазақстан халқының саны бар-жоғы 17 млн. адам екенін ескерсек, оның әрбір тұлғасының, әрбір жанының өз орны, өзіндік салмағы болуы, сол салмағы білініп тұруы қажет. Сондықтан да, мен Қазақстанда барлық деңгейдегі ұлттық білім беру істеріне толық әлеуетті жұмсай отырып қана өздері беттеген мақсатқа қол жеткізе алатынына сенімдімін. Мен бұл жерде болашақта мұнай мен газдан барынша тәуелсізденіп, керісінше инновациялық, зияткерлік экономикаға, технологияға арқа сүйегісі келетін ел туралы айтып отырмын. Өйткені, болашақта экономика өсімінің қарқыны елде өндірілетін ресурстарды, шикізат кендерін шапшаң сатумен байланысты болмайды. Бұл ретте Президент Н. Назарбаев мәселені дұрыс көрсетіп, ондайға дер кезіндегі шектеудің қажеттігін айтып отыр», - деді А. Гузенбауэр.
Оның айтуынша, болашақ экономикалық даму міндетті түрде адами капиталдан, адами ресурстар тудыратын инновациялар мен технологиялардан тұрғанда ғана ондай даму тұрлаулы болады.