Болашақ Елбасының бойында туа біткен көшбасшылық қасиеті айқын аңғарылды - сыныптасы Сайлаубек Қыдырәлиев
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Елбасының тұлға ретінде қалыптасуына кеңестік идеологияның әсері өте күшті болды. Мектеп қабырғасында қоғамдық жұмыстарға белсене араласқан жекелеген жастар біртіндеп қоғамдық ұйымдарды басқаруға араласты. Абай атындағы мектептің 10-шы сыныбына 1958 жылдың қыркүйек айында Шамалғандағы аралас мектептен 5 ұл мен 1 қыз ауысып келді. Солардың арасында Нұрсұлтан Әбішұлы да болды», дейді Сайлаубек Қыдырәлиев. Оның айтуынша, Нұрсұлтан Әбішұлы өзінің алғырлығы, табандылығы, әділдігі және кез-келген тығырықтан тез шешім қабылдап шыға алатын қасиететімен бірден көзге түскен. Соның нәтижесінде 1,5 айдан кейін жаңа оқу орнында комсомол комитетінің хатшысы болып сайланады. Бұл болашақ Елбасының бойындағы туа біткен көшбасшылық қасиетін айғақтайды.