www.bolashak.kz сайтында орналасқан бірегей интерактивті модуль «Болашақ ғаламшары» курстас болашақтықтарды табуға, бағдарлама стипендианттары арасында қарым-қатынастарды ретке келтіруге, жаңа адамдармен танысуға және тәжірибелерімен, білімдерімен бөлісуге мүмкіндік береді.
Аталмыш модульде әлем картасы орналастырылған, ел/қала/ЖОО бөлінісінде бағдарлама стипендианттарының жалпы саны белгіленген. Нұсқаларды ЖОО-ға бағыттаған кезде сонда білім алып жатқан немесе білім алған барлық стипендианттарды табуға, ең бастысы, олардың әлеуметтік желілеріндегі аккаунттарына тікелей сілтеме алуға болады (facebook.com, vk.com және т.б.). Сондай-ақ стипендиантты Іздеу жолағы бойынша табуға болады.
Жалпы, бұл жоба экономиканың түрлі салаларындағы жоғары білікті мамандар арасында тиімді өзара әрекет ету жүйесін қалыптастыруға септігін тигізбек.