Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі Республикалық комиссияның шешімімен Қазақстан Республикасының 184 азаматына «Болашақ» халықаралық стипендиясы тағайындалды.
Оның ішінде 137 азамат магистратура бағдарламалары бойынша, 10 азамат докторантура бағдарламалары бойынша білім алатын болса, 37 маман кәсіби тағылымдамадан өтеді.
Сонымен қатар, 51 қазақстандық әлемнің жетекші ғылыми-зерттеу орталықтарында ғылыми тағылымдамадан өту мүмкіндігіне ие болды.
Республикалық комиссияның отырысында «Болашақ» бағдарламасы аясында бакалавр дәрежесін алуға үміткерлерге арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың, ғылыми жобалардың халықаралық конкурстарының және халықаралық орындаушылар конкурстарының тізбесі бірқатар халықаралық орындаушы конкурстарымен толықтырылды.
Сонымен қатар, бағдарлама тетіктерін одан әрі жетілдіруге бағытталған бірқатар мәселелер қаралды.
Грант иегерлерінің тізімі
Айта кетелік жасанды интеллект саласы бойынша алғашқы «Болашақ» стипендиялары берілген еді.