«Болашақ» халықаралық бағдарламалар орталығының» ашық есік күндері іс-шарасы басталды

АСТАНА. Сәуірдің 24-і. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Бүгін елордадағы «Дипломат» қонақүйінде «Болашақ» халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ның ашық есік күндері іс-шарасы басталды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.Іс-шара аясында мектеп түлектері мен студент-жастар «Болашақ» стипендиясы туралы жан-жақты ақпарат алып, аталған халықаралық бағдарламаға қатысудың талаптары мен «Болашақ» орталығының жұмысымен танысты.«Болашақ» халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ның мәліметі бойынша, бүгінде шет елдерде 2 677 қазақстандық азамат білім алуда. Осы уақытқа дейін 1 464 стипендиант елге оралып, туған халқының игілігі үшін еңбек етуде.