деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Маркетинг бөлімінің мәліметінше, құжаттарды аталмыш орталық 2009 жылғы тамыздың 15-не дейін қабылдайды. «Қазіргі уақытта 366 адам құжаттарын тапсырды. Оның ішінде, 196 адам жалпы конкурс бойынша, 35 адам квота негізінде және 135 адам өз бетімен түскендер. 168 үміткер техникалық, 84 үміткер гуманитарлық мамандықтар бойынша оқуға ниет білдірген. Биыл «Магистратура» бағдарламасы бойынша оқуға басымдық беріледі», делінген аталмыш орталықтың таратқан баспасөз хабарламасында.
Ауыл жастары, 3 жылдан кем емес үздіксіз еңбек өтілі бар мемлекеттік, ғылыми және педагогикалық қызметкерлер үшін квота көзделген. «Болашақ» бағдарламасы аясында әлемнің үздік оқу орындары мен ғылыми орталықтарында ғылыми тағылымдамадан өту мүмкіндігі де қарастырылғанын баса айтқан жөн. Сонымен қатар, квота бойынша конкурсқа қатысушы үміткерлер үшін төменгі тілдік деңгей салыстырмалы түрде төмендетілген, яғни квота жүйесі бойынша білім алатын стипендиаттарға ұзақтығы 4 оқу семестріне (2 жылға жуық) дейінгі, ғылыми тағылымдамалар бойынша 1 оқу семестріне (жарты жылға жуық) дейінгі тілдік курстан өту мүмкіндігі ұсынылған. «Болашақ» халықаралық стипендиясына құжаттарды қабылдау Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы маусымның 11-індегі Қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді конкурстық іріктеу Ережесіне сәйкес жүргізіледі.
«Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттар келесі мекен-жай бойынша қабылданылады:
Астана қаласы, Сол жақ жағалау, Тәуелсіздік к-сі, 29/1, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ.Құжаттар Астана және Алматы қалаларында сенбі мен жексенбіден басқа күндері сағат 9.00-ден 17.00-ге қабылданылады. Үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.