«Болашақ» халықаралық стипендиясына ие болғандардың тізімі жарияланды

АСТАНА. 27 тамыз. ҚазАқпарат - Бүгін «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ сайтына Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия отырысының қорытындысы бойынша «Болашақ» халықаралық стипендиясы иегерлерінің тізімін жарияланды.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Бүгін Ақордада ҚР Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжиннің төрағалығымен Шет елдерде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті.

Таратылған мәліметтерге қарағанда, комиссия шешіміне сәйкес, «Болашақ» халықаралық стипендиясына 427 адам, оның ішінде магистратура бағдарламасы бойынша - 224, докторантура аясында - 8, тағылымдамадан өтуге 195 жас үміткер ие болды.

«Болашақ» бағдарламасы бойынша халықаралық стипендия иегерлерінің тізімін мына жерден қараңыз.