«Болашақ» қауымдастығы бүкіл республика көлемінде семинарлар тізімі мен білім беру семинарларын өткізуде

АСТАНА. 3 қараша. ҚазАқпарат. «Болашақ жастар үшін» жобасының аясында ағымдағы жылдың 30 қыркүйек және 13 қараша аралығында жастардың табысты инновациялық белсенділігін арттыру мақсатында «Болашақ» қауымдастығы бүкіл республика көлемінде семинарлар тізімі мен білім беру семинарларын өткізуде, деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Оқу-семинарларын аймақтардың ерекшеліктеріне байланысты әр түрлі салалардың дамуын болжау мен стратегиялық жоспарлау тақырыбында, индустриялы-инновациялық даму саласындағы, кіші және орта бизнестегі, мемлекеттік саясат саласындағы сарапшылар жүргізеді. Алғашқы семинарлар Өскемен, Алматы, Атырау, Петропавл, Қызылорда қалаларында өткізілді.

Қараша айының 4-5 күндері Астана қаласында алтыншы семинар өткізіледі. Екі күндік білім беру бағдарламасы «Форсайт-зерттеу», «Инновациялық жобаларды ұсыну, «Стартаптың потенциалын бағалау», «Интеллектуалдық шеберхана», «Қисынды ойлау» атты бөлімдерден тұрады. Аталмыш семинарларды халықаралық «Enterra» психология және даму орталығының жетекшісі Людмила Бурлаченко, Астана қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының жетекшісінің орынбасары Талғат Баймағамбетов, «Болашақ» Қауымдастығының ұйымдастыру-әдістемелік бөлімінің меңгерушісі Аян Әлжанов жүргізеді.

Аталмыш іс-шараның алғашқы күні семинарға қатысушылар «Аймақтың даму стратегиясы: мақсаты, бағыттары, мүмкіндіктері, мәселелері» тақырыбында, «Білім қуаты» ұжымдық ойлаудың инновациялық технологиясын меңгеру мен қолдану» модулі бойынша ой қозғайды. Сонымен қатар, қатысушыларға аймақтың дамуы жөніндегі топтық жобалардың мақсаттары мен міндеттерін анықтау ұсынылады.