«Жасақта 20 адам бар. Облыс орталығы әкімдігінің қолдауымен отрядтың қорғаныс киімі, қорғаныс құралдары, аумақты дезинфекциялайтын арнайы қондырғылары бар. Жасақ карантин мерзімінің соңына дейін жұмыс істейді», - дейді Көкшетау техникалық институтының басшысы Сырым Шәріпханов.
Айта кетейік, бүгінгі таңда Ақмола облысы бойынша барлығы 50 блокбекет орналасқан. Оның ішінде 12 блокбекет Көкшетау қаласына кіріп-шығатын жолдарда.
Нақтырақ алсақ, «Көкшетау - Рузаевка», «Көкшетау - Омбы» жолы, айналма жолдағы Есіл жанар-жағар май құю стансасының маңы, Қарасай шоссесінің 7-шақырымы, Симферополь кенті КТИ полигоны, Краснояр ауылынан шыға берісте, «Нұр-Сұлтан-Көкшетау», «Көкшетау-Зеренді» тасжолы, Қызыл жұлдыз ауылынан шығаберіс тәрізді бағыттарда блокбекеттер орналасқан.