«Педагогика мамандықтарына түсуге қойылатын талаптарды біртіндеп арттыру қажет. Оларды тартымды ете түсу үшін болашақ мұғалімдерге арналған шәкіртақыны 26 мыңнан 42 мың теңгеге дейін арттыру керек», - деді Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің онлайн форматтағы 3-отырысында.
Айта кетейік, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысы өтіп жатыр. Кезекті отырыс адами капиталды дамытуға, атап айтқанда, білім беру, денсаулық сақтау мәселелеріне арналған.