Оның атап өтуінше, кадрларды іріктеу және орналастыруды жетілдіруге бағытталған мұндай шаралар құқық қорғау органдарының кадрлық саясаты тұжырымдасында қарастырылған.
«Ең алдымен кандидаттың адамгершілік сапасын анықтау маңызды. Бағалау тетігі эссе, үшінші тұлғаның мінездемесі, әлеуметтік желілердегі іс-әрекеттерін зерделеу, жастар ұйымдарында жүзеге асырылған бастамаларын сараптау болуы мүмкін. Яғни, біздерде адам өмірі үлгісінің толық келбеті болуы тиіс», - деді ол.
Сонымен қатар Ж.Асановтың атап өтуінше, кандидаттың әлеуметтік белсенділігіне, өмірлік ұстанымына, көзқарасы мен ұстанымының беріктігіне, адалдығына, отансүйгіштік деңгейіне де баса назар аудару қажет.