ҚР ҰҚК Шекара қызметінен хабарлағандай, танкодромда болашақ офицерлер бронетанк техникасы бойынша білімдерін жетілдіріп, машиналармен белгілі бір бағытта жүріп көрді, сонымен қатар мұндай техниканы жүргізу ерекшеліктерімен етене танысады. Курсанттармен жаттығуларды академияның оқытушылары мен тәжірибелі әскери нұсқаушы-қызметкерлер өткізді. Атап өтейік, тәжірибелік жаттығулар болашақ қазақстандық шекарашылардың кәсіби дайындығы үшін міндетті болып табылады.