Алқалы жиынды ашқан Мемлекеттік хатшының атап өтуінше, ағымдағы жылдың 9 шілдесі мен 6 тамызы аралығында өткен конкурстық іріктеудің 1-2 турларының нәтижесі бойынша комиссия қарауына «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлердің 444 жеке ісі енгізілді. Олардың ішінде 152 үміткер шетелдің жоғары оқу орындарына өз бетімен түскендер, 26-сы ғылыми қызметкер немесе педагог, 53-і мемлекеттік қызметші, 62-сі еліміздің жоғары оқу орындарының билығы түегі, 151-і тағлымдамадан өтуге баратын ғылыми, педагогикалық, инженерлік-техникалық және медицина қызметкерлері ретінде конкурстық іріктеуге қатысқан.
Оқу бағдарламасы бойынша үміткерлердің жалпы санынан: магистратураға - 280, докторантураға - 12, тағлымдамадан өтуге 152 үміткер өтініш берді.
Үміткерлердің басым бөлігі Ұлыбритания, Ресей, АҚШ, Швейцария, Израиль, Франция, Германияда білім алуға ниет танытты. Ал қалғандары Канада, Италия, Австралия, Қытай, Нидерланды, Түркия, Австрия, Жапония елдерін таңдады.
Комиссия отырысының қорытындысы бойынша конкурстық іріктеуден өткен үміткерлерге «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау жөніндегі шешім қабылданды.