«Ағымдағы жылы құжаттарды қабылдау үш кезеңде өтеді. Бірінші кезең - 13 сәуірден бастап 8 мамырды қоса алғандағы кезеңді қамтиды. Екінші кезең - 8 маусымнан бастап 10 шілдені қоса алғандағы кезең болса, үшінші кезеңде 10 тамыздан бастап 1 қазанды қоса алғандағы кезең қамтылмақ. Стипендия тағайындау конкурсы 2015 жылғы 12 мамырдан бастап 2016 жылғы 10 қаңтарды қоса алғандағы кезеңде өтеді», делінген хабарламада.
Бұған қоса, ҚР Білім және ғылым министрінің бұйрығымен 2015 жылға «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсы жеңімпазының оқуы, тілдік курстардан өтуі үшін ұсынылатын шетелдің жетекші жоғары оқу орындарының,шетелдік ұйымдардың тізімі, сондай-ақ 2015 жылға «Болашақ» халықаралық стипендиясы шеңберінде шетелде оқу үшін мәндес мамандықтар тізбесі бекітілген.