Оның айтуынша, қазiргi уақытта тiл курстарының жаңа моделiн жасақтау бойынша жұмыстар талқылануда.
«Қазiргi уақытта бiз квота арқылы мемлекеттiк қызметкерлердi, БАҚ қызметкерлерiн, ғылыми-педагогикалық жұмысшыларды қысқа мерзiмдi тiл курстарын өтуге шетелдерге жiберiп жүрмiз. Бiрақ келесi академиялық жылдан бастап, бiз бұл курстарды өз елiмiзде Назарбаев Университетi және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетi базасында ұйымдастырмақпыз», - деп атап өттi ол.
Ғ. Нығыметовтің сөзiне қарағанда, курстар 6 6 моделi бойынша өтпек. Осылайша, стипендиаттар 6 ай Қазақстанда және 6 ай шетелде тiлдiк ортада оқытылады. «Соның арқасында бiз шығындарды оңтайландырып, тiлдi оқытуды жаңа деңгейге көтеремiз», - дедi ол.