«Болашақ» стипендиясын алған 8 мыңнан астам түлектің 440-ы мемлекеттік қызметте. Олардың барлығы мемлекеттік қызметте жұмыс істеулері шарт, себебі олар «мемлекеттік қызмет» квотасы бойынша білім алды және осы салада белгілі бір уақыт жұмыс істеп, алған білімдерін өтеулері керек. Ол жағын біз белсенді бақылап отырамыз, мониторинг жасаймыз», - дейді ол.
«Квоталық санатпен оқып келген маманның барлығы өз жұмыс берушісіне оралуы тиіс. Ол ауыл ауруxанасы, мектебі, университеті немесе мемлекеттік органы болса да сонда еңбегін жалғастыруы шарт. Жалпы түлектерді жұмыспен қамтуға келетін болсақ, 2011 жылы үшжақты келісімшарт енгізілгеннен кейін ол жағыган мәселе жоқ, квотамен оқып келгендер жұмыспен қамтылған», - деп атап өтті Ғ. Нығметов.