«Болашақ» бағдарламасы стипендиаттарының жұмысқа орналастырылуы өте өзекті мәселе. Қазіргі уақытта зерттеу бойынша, түлектердің 92 пайызы тұрақты жұмыспен қамтылған. 5,5 пайызы бала күтіміне байланысты немесе білімін одан әрі жалғастыруға орай жұмысқа орналаспаған, сұралғандардың 2,5 пайызы жұмыссыз немесе өзін өзі қамтығандар санатына жатқызған», - дейді Н.Саясат.
Оның айтуынша, зерттеуге қатысқан 1338 түлектің 38 пайызға жуығы 100 мыңнан 200 мың теңгеге дейін жалақы алатын көрінеді. Шамамен 27 пайызы ай сайын 300 мың теңгеге дейін айлық алып тұрады. 17 пайызы - негізінен мемлекеттік қызметтегі «Болашақ» түлектері 100 мың теңгеден аз жалақы алады.
20 жыл ішінде «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ мәліметтері бойынша 9500 стипендия тағайындалған.