Іс-шара барысында ҰҚК Академиясы тыңдаушылары мен курсанттарына Елбасының идеясы мен жалпыұлттық идеологиялық бағытын түсіндіру мақсатында семинарлар, дөңгелек үстелдер, көрмелер, ғылыми-практикалық конференциялар ұйымдастырылды.
Нақтылап өтсек, ҰҚК Академиясының курсанттары арасында «Қазақстандық жаңғыру: өткені мен келешегі» тақырыбындағы жобалар байқауы өтті. Сонымен қатар, «Туған жер», «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» атты ғылыми-практикалық конференция және «Жаңғыру жолы» тақырыбында семинар-диспут ұйымдастырылды.
«Қазіргі қоғамның жастары керегінен артық ақпарат ағымын саралап, өзіне қажет мәліметті ғана алуға, үнемі жаңа білімді игеруге өзінде ынта табуға бейім болулары керек. Елбасымыз айтқандай, жастардың көп тіл білуі олардың жан-жақты дамуына, түрлі ұлттардың дәстүрі мен мәдениетін танып, әмбебап азамат болып өсуіне негіз болады. Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың стратегиялық мақаласы жастарға осы мүддені жеткізеді», - дейді академик Сәтбекова Айгүл Амантайқызы.
Академиктің айтуынша, ҰҚК Академиясы курсанттарының тәртіпке үйреніп, ел қауіпсіздігін қамтамасыз ететін азаматтар қатарын толықтырып қана қоймай, рухани қуатының да өсуі, жаңғыруы маңызды.
Автор: Жолдас Өрісбаев
Фото: shekaraknb.kz