Бұл жолғы өңірлік байқаудың ақтық кезеңіне өткен ақылына көркі сай тоғыз ару қатысып, бақ сынады.
Байқау ережесіне сай арулар сахнада шығармашылық, интеллектуалдық қабілеттерін көрсетті, сондай-ақ, коллекциялық киім мен кешкі көйлек үлгісі таныстырды.
Нәтижесінде қазылар алқасының көңілінен шыққан Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің филология және педагогика факультетінің студенті 18 жастағы Айна Жұмабаева жеңімпаз атанып, «Мисс Көкшетау-2017» байқауының тәжін басына киді.
Сонымен қатар, «Мисс көрермендердің көзайымы», «Мисс Инстаграм» және «Мисс фотомодель» аталымдары бойынша жеңімпаздар марапатталды.