«Болашақ» жер қойнауы учаскесінде көмірсутектерді барлау жүргізіледі - Энергетика министрлігі

АСТАНА. KAZINFORM - Энергетика министрлігі мен «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Маңғыстау облысында орналасқан «Болашақ» жер қойнауы учаскесінде күрделі жоба бойынша көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшартқа қол қойды.

Фото: ҚР Энергетика министрлігі

Бұл туралы ҚР Энергетика министрлігінің бапасөз қызметі мәлім етті.

Жобаға инвестицияның жалпы көлемі шамамен 45 млрд теңгені құрайды, жұмыс бағдарламасында 2 ұңғыманы бұрғылау және 430 км2 көлемінде 3Д сейсмикалық барлау жүргізу көзделген.

Сондай-ақ, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-мен Маңғыстау облысында орналасқан «Өзен Северный» учаскесіне жер қойнауын пайдалану құқығын беру» бойынша тікелей келіссөздер басталды.

2025-2028 жылдарға жоспарланған инвестициялар көлемі 2 млрд теңгеден асатын болады, ал екі іздеу ұңғымасын бұрғылау қарастырылған.

Бүгін Қазақстан ОПЕК келісімі шеңберінде мұнай өндірісін қысқартатыны хабарланды.