Болашақта деректер экономикасында азаматтың цифрлық әмияны пайда болуы тиіс

Коллаж: Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Деректер экономикасының толыққанды құқықтық негізін құру қажет. Бұл туралы Мәжілісте өтіп жатқан парламенттік тыңдалымда депутат Екатерина Смышляева айтты

- Деректер — бұл жасанды интеллект үшін отын. Басқа елдермен салыстырғанда, біз өте жақсы бастапқы позицияда тұрмыз. «Смарт дата үкімет» жүйемізді халықаралық рейтингтер жоғары бағалап отыр. Парламентте біз деректердің сапасы мен айналымын реттеу бойынша алғашқы қадамдарды жасадық. Алайда, деректер қоймаларымыз әлі де болса бытыраңқы, сапасы жеткіліксіз, телеметрия мен IoT әлсіз дамыған. Бұл мәселе бейінді комитеттерде талқылау барысында бірнеше рет депутаттар тарапынан көтерілді және ұсыныстар енгізіледі. Ведомствааралық мәліметтер алмасу ерекше жағдай емес міндетті болуы тиіс. Бірінші басшылар үшін деректер сапасына қатысты KPI пайда болады, - деді ол.

Депутаттың атап өтуінше, деректер құндылығы жағынан дәстүрлі жер қойнауына ұқсас қымбат ресурсқа айналып отыр. Алайда, қазіргі уақытта біздің деректерімізді халықаралық корпорациялар мен платформалар белсенді пайдаланып жатыр. Бірақ олар ел экономикасында өз орнын таба алған жоқ.

- Сондықтан да біздің алдымызда заң шығарушылар ретінде деректер экономикасының толыққанды құқықтық негізін құру міндеті тұр. Олардың айналымын реттеу, сонымен қатар капиталдандыру және монетизациялау процедуралары қажет етіледі. Деректерге меншік құқығы мәселесін де айқындап алу керек. Сарапшылар қауымдастығы деректер биржасын ашу қажеттілігі туралы бұрыннан талқылап келеді. Ол деректер алмасуды ретке келтіріп, форматтарды біріздендіруге және иесізденген ақпаратқа тең қол жеткізуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, биржа деректер құнының ашық бағаларын қалыптастырады. Болашақта деректер экономикасында азаматтың цифрлық әмияны пайда болуы тиіс, - деді Екатерина Смышляева.

Айта кетейік, тыңдалым барысында Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов заңнамаға заңнаманы ЖИ-технологиялардың дамуына бейімдемеудің салдары туралы пайымын білдірді.