Болашақта Қазақстан мен Ресейдің қаржылық жағдайлары дағдарысқа дейінгіден әлдеқайда тұрақты болады - ресейлік маманның пікірі

None
АСТАНА. Шілденің 2-сі. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Қазақстан мен Ресей де дағдарыстан айтарлықтай зардап шекті. Алайда екі елдің де қазіргі экономикалық жағдайлары өзге елдермен салыстырғанда әлдеқайда тұрақты.

Бүгін елордада өтіп жатқан III Астана экономикалық форумында журналистермен сұхбаттасқан Ресейдің жинақ банкінің Макроэкономикалық зерттеулер орталығының директоры Ксения Юдаева осындай пікір білдірді.

Оның пайымдауынша, қазір екі елдің де бюджет резервтері бар, ал қарыздары аз. Сондықтан бұл елдерге жақын арада дағдарыспен байланысты қауіп жоқ. Әзірге мемлекеттердің қаржылық жағдайы тұрақты. «Бізде әрине қаржылық қиындықтар болған. Алайда біз көрген қиындықтар өтпелі сипатқа ие. Мемлекет оларды болашақта болдырмау үшін көптеген шараларды қолға алып отыр. Осы тұрғыдан алғанда екі елдің де қаржы жүйесі дағдарысқа дейінгі жағдаймен салыстырғанда әлдеқайда тұрақты дамиды деген ойдамын», деді орталық директоры.