Бірақ бұл тәжірибе көрсетіп отырғандай, жоғары білім беру жүйесінің деңгейі және қорға қажетті қызметтік дайындықтың арасында алшақтық бар. Бұл туралы бүгін Астанада басталған «Адам ресурстарын басқару: HR инновациялар» тақырыбындағы VI Халықаралық конференцияда «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ Басқарма төрағасы Қайрат Келімбетов айтты.
«Біз Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті және Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті сияқты еліміздің жетекші университеттерімен бірлесе отырып, «Самұрық-Қазына» қорына және оған қарасты компаниялардың басқарушы құрамына қажетті мамандарды даярлауды қолға алған болатынбыз. Бірақ, өкінішке орай, бүгінгі таңда жоғары білім беру жүйесінің деңгейі және қорға қажетті қызметтік дайындықтың арасында алшақтық байқалады», - дейді Қ.Келімбетов. Қ
Қор төрағасы атап көрсеткендей, қазіргі кезде осы мәселені шешу мақсатында арнайы магистрлік бағдарламаларды әзірлеп, жоғары оқу орындарында қызмет етіп жүрген ғалымдардың қатысуымен зерттеу жұмыстарын жүргізу ұсынылып отыр. «Осының арқасында бізге келетін мамандар үлкен дайындықтан өтетін болады. Қазіргі кезде осы тәжірибені Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті мен Қазақ экономикалық университетінде іске асыру жоспарланып отыр. Одан кейін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Қазақ ұлттық техникалық университетінде қолға алынбақ. Мен өз кезегімде бұл жұмысқа барлық ұлттық компанияларды қатысуға шақырамын», - деп атап көрсетті Қ.Келімбетов.