Олардың пікірінше, машиналар төменгі топтағы заңгерлерді оңай ауыстыра алады. «Елестетіп көріңіз: роботтар жалақының көтерілуін немесе қызметте көтерілуді талап етпейді, ауырмайды және бала күту демалысына, еңбек демалысына шықпайды. Сонымен бірге екі электронды заңгер тұтастай бір заңгерлер командасын ауыстыра алады», - деген сенімде Jomati өкілдері.
Күрделі міндеттерді орындайтын әлдеқайда білікті заңгерлер өз қызметтерін сақтап қалады. «Болашақта болатын заңгерлік кеңселерде небәрі жалақыға еңбек ететін екі-үш адам мен бір-екі робот болады. Ол бизнесті әлдеқайда табысты ете түседі», - деп атап өтті Jomati сарапшылары.