NASA сарапшылары соңғы төрт онжылдықтағы жауын-шашынның жиілігін зерттей отырып, осындай болжамға келді.
Ғалымдардың айтуынша, егер осылай жалғаса берсе, ғаламшарымыздың бірқатар бөлігінде тоқтаусыз жаңбыр жауады. Кейін ол Жердің барлық бөлігіне таралады.
«Жердің болашағы бұлыңғыр. Жаһандық жылыну проблемасы ғаламшарымызды мәңгілік тропикалық жаңбыр жауатын аймаққа айналдырып, біздің қалыпты өмірімізді толықтай өзгертеді және көптеген табиғи апаттарға алып келеді», - деп тұжырымдайды NASA мамандары.