Компания өкілдері қайта өңделген пластмассадан тұратын автомобиль жолдарын құру туралы баяндады.
Пластмасса жолдарының өндірісі көп көлемдегі пластмассалық қалдықты пайдалануға жол ашады. Бұл экология мен қоғамға зор пайдасын тигізбек.
VolkerWessels пластмассадан плиталар дайындайды. Оған қажетті коммуникацияларды орналастыруға болады. Ал плита жарамсыз болғанда оны жаңасына ауыстыруға болады. Жол төсемінің жаңа түрін кез келген жерде орнатуға болатындығы аталып өтілді.
Компанияда жолдар температура талғамайтын және асфальтқа қарағанда экологиялық болатынын мәлімдеп отыр.