Гаджет поштадағы хаттар, әлеуметтік желідегі ақпараттар, күнделік, SMS хабарламалар мен қоңырауларға талдау жасайды. Жиналған мәліметтермен танысқан соң, анықтамалық ескерту дайындайды.
Мысалы, Future Control жазбаларға қарап, егер құрбыңыздың көңіл күйі жоқ екенін аңғарса, оған гүл сыйлау керектігін ескертеді. Сол сияқты киноға билет алу керектігін «айтып», қажет болса өзі кинотеатр мен лайықты орынды таңдап береді. Айта кетерлігі, гаджет хабарламаны «ақылды» сағат немесе футуристикалық жылжымалы проектордың көмегімен шығарады.